Биыл Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл!
Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының оқу залында қоғам қайраткері, қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты тақырыпта әдеби кеші өтті. Кештің мақсаты жас ұрпаққа Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман-эпопеясымен таныстыру. Оқырмандардың ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру болып саналады.
Іс-шараға №11 Санаторий типтес мектеп-интернатының 4 «а» сынып оқушылары, тәрбиешісі Л.Акимбекова, кітапханашысы Ж.Қадырова қатысты. Балалар кітапханасының кітапханашысы Ж.Байтұрсынова іс-шараны жүргізді. Кітапханашы Э.Қыстаубаева қаламгердің өмірі мен шығармашылығын слайд арқылы таныстырды. Кітапханада арнайы жасақталған «Мұхтар Әуезов ұлы суреткер» атты тақырыптағы кітап көрмесіне әдіскер Д.Сағынтаева библиографиялық шолу жасады.
Балалар жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы «Абайдың ауылға қайтқанда» бөлімінен сахналық қойылым көрсетті. Кеш соңында жасоқырмандар «Көксерек» повесті бойынша түсірілген анимациялық мультфильм тамашалады.
Қазақтың көрнекті жазушысы, академигі, драматургы, ғалымы және қоғам қайраткері 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысында дүниеге келген. Ол қазақ драматургиясы мен театр өнерінің дамуына зор үлес қосқан. Ата-анасынан ерте айырылып, ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленген. Атасы Әуез, Абайдың шығармашылығын қатты ұнатып, Мұхтардың жазушы болып қалыптасуна үлкен әсерін тигізді. Жас кезінен бастап ізденіп, өмірінің соңына дейін әдебиет саласында тынымсыз еңбек етті. Мектептің 5-ші сыныбында оқып жүрген кезде, оның алғашқы шығармасы «Дауыл» жарық көрді. Ал, ең алғашқы пьесасы «Еңлік-Кебек» деп аталады. Бұл пьесада – екі жастың қайғылы тағдыры туралы жазылған.