Түркістанда ерекше спектакльдің премьерасы өтті

Oinet.kz 18-11-2022 369

Қазақ сахнасында тұңғыш рет «Триптих»: «Гамлет», «Қаракөз», «Фауст» спектаклінің премьерасы өтті. Мұхтар Әуезов, Уильям Шекспир және Иоганн Гёте сынды үш алыптың шығармасы Түркістан музыкалық театрының сахнасында тоғысты. «Триптих» үш жазушының әйгілі үш туындысының сахналық нұсқасы. Бұл туындылардың жарық көргеніне ғасырлар өтсе де әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған. 

Screenshot_18.jpg

Туындының сахналық нұсқасының авторы әрі режиссері – Әлібек Өмірбекұлы, заманауи театр тіліне аударған – Мирас Әбіл, композитор – Хамит Шанғалиев. Аталмыш спектакльде махаббат атты ұғымның мән-мағынасына басқаша үңіліп, классикалық шығармаларға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік сыйлайды.

– Бұл жаңа бағытта дайындалып жатқан қойылым. Әлемдік алыптардың қатарында Мұхтар Әуезовтің «Қаракөз» пьесасы да болуға лайықты. Сондықтан да әлем мойындаған Шекспир мен Гете туындыларымен біріктірдік. Үш еңбектің ортақ дүниесі – махаббат. Әрине, дайындық процесі де оңайға соқпады. Сондықтан әрі қарай келген көрермен бағасын беретіні анық, – деді режиссер.

Үш бөлімнен тұратын спектакльді көрермен зор таңданыспен тамашалады. Әлемнің үш түрлі халқында орын алған махаббат оқиғасының көрерменге айтары бір. Елімізге танымал Нұркен Өтеуіл, Қуандық Қыстақбаев, Айнұр Бермұхамбетова, Айдана Абенова, Руслан Нұрман, Жәудір Сарыпбекова сынды театр әртістері қойылымды халыққа жеткізе білді.

Ашылғанына небәрі жыл толса да, бұған дейін «Бөрте», «Фариза», «Махаббат мұнарасы» сынды қойылымдарды сахналап, көпшілікке ұсынған болатын. Осылайша өз көрерменін қалыптастырып, Түркістанның мәдени-рухани тұрғыда дамуына, туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып жүр.

«Мәңгілік елім – Қазақстан» фотокөрмесі өтті
Қазақстан құрамасы – «Turan Barysy» кубогының жеңімпазы!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу