Теріскейде «Күй құдіреті» облыстық байқау-көрмесі өтті

Oinet.kz 03-07-2021 530

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен 2018 жылыдың алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып бекітілді. Елбасы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру керектігін айтқан болатын. Осы орайда балалар мен жастарға ұлттық құндылықтар насихаттала бастады.

Screenshot_3.jpg

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Түркістан облысының 3 жыл толуына  және домбыра күніне арналған өтетін «Күй құдіреті» облыстық жас күйшілер байқауымен ұлттық аспаптардың байқау-көрмесі өтті. Байқауды ұйымдастырушы Түркістан облысының  мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы және Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі- күй өнерін және қазақтың ұлттық аспаптарын бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, дәстүрлі күй орындау өнерін дамыту және талантты жас күйшілерді, ұлттық аспаптар жасайтын шеберлерді  анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету болатын.

Байқауға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан іріктеуден  өткен 16-28  жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Байқау шартына сай үміткерлер күйлерді қазақтың ұлттық аспаптарында (домбыра,қобыз т.б) орындады. Шерітпе күйдің өзіндік мектебі қалыптасқан Созақ ауданынан шыққан күйшілердің шығармаларын орындады. Өнер сайысына қатысушылар еркін тақырыпта да күй орындап, көрермендер мен қазылар алқасының құлақ құрышын қандырды. 

Бүгінде ұлттық аспаптар жасайтын көлөнер шеберлерінің саны да арытып келеді. Ұлттық аспаптардың байқау-көрмесіне барлық аудан, қалалардан қатысуға тілек білдірген шеберлер қатысаты. Олардың жастарына жасына шектеу қойылмайды. Қиуын келтіріп, ұлттық аспаптардың қолөнер шеберлерінің байқауында бас жүлде ордабасылық Шаметов Дастан иеленді. І орын - Төле би ауданынан келген шебер Сәдібеков Қожабектің қанжығасына байланды.  ІІ орын Созақ ауданы  Нұртаев Өмірсерік  лайық деп танылды. ІІІ орын Шардара ауданынан келген  Садибеков Молдабай алды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі жерлерді аралады
«Түркістан ғажайыптары» экспедициясы Созақта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу