Түлкібас жастары арық-атыздарды тазалады

Oinet.kz 12-07-2021 770

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды" деп айта келіп, туған жерді аялап ұстау керектігін ескертті. 

Screenshot_20.jpg

Елімізде орын алып жатқан қуаншылық егіншілік және мал шаруашылығымен шұғылданып отырған жандарға қиындық туғызып отырғаны баршамызға аян. 

Осыған орай Түркістан облысы Түлкібас ауданында аталған мәселені алдын-алу мақсатында аудан әкімдігімен қатар, ауыл жастары да қарап отырмай қолдары бос демалыс күндері ауыл-аймақтағы арық-атыздарға су келетін бастау көздерін ашып, елдін батасын алуда.

Мичурин ауылдық округінің жастары арық-атыздарды тазалады. «Ауылына қарап азаматын таны»-демекші, округ орталығының жастары өткен сенбі-жексенбі күндері ауыл сыртында жиналып, округ орталығы Майтөбе ауылына келетін бастаулардың көзін ашып, арық-атыздардың бойын тазалап, көпшлікке үлгі боларлықтай игі іс жасап отыр. Ел құптарлықтай істі ауыл жастары алдағы демалыс күндері де жалғастырмақ. Және де бұл шараны басқа да ауылдын жастарына эстафета ретінде жолдап отыр.

Өмірге құштар ақынның кітаптары кітапхана төрінде
Мемлекеттік қызметшілер киелі жерде болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу