«Халықпен жұмыс жүргізу секторларында» тұрғындармен кері байланыс орнатылады

Oinet.kz 18-06-2021 742

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» - деп атап, халық пен билік арасында кері байланысты нығайту керектігін ескерткен болатын. 

image.png

Осы негізде Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардағы өзекті мәселелерді бақылауда ұстап, шешімін шығаруға ықпал ететін 6 сектор орналасатын ғимараттарды аралап, қызмет көрсету мүмкіндіктерін бақылады. Сондай-ақ, қала әкімі тиісті мамандарға қызметкерлер мен келуші тұрғындар үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар берді. 

- Бұл - әр тұрғынның кез-келген уақытта келіп, өз мәселесін ашық жеткізе алатын орталыққа айналуы тиіс. Әрі, ешқандай мәселе назардан тыс қалмауы керек. Секторларда азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмысын да қолға алғанымыз абзал - деді қала басшысы. 

image.png

Сондай-ақ, қала әкімі тиісті мамандарға "Яссы", "Сауран", "Шавгар", "Бекзат", "Отырар", "Бірлік" секторлары бөлінісін әзірлеуді тапсырып, алдағы уақытта  "Халықпен жұмыс жүргізу секторларында" 30-дан аса азамат жұмыспен қамтылып, халықпен кері байланыс орнату басты назарға алынуы тиіс екендігін ескертті.  

Алдағы уақытта, аталмыш секторларда қызметкерлер тұрғындарға коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, табиғи газды пайдалану туралы ақпараттар ұсынатын болады. Сонымен қатар, көшелердің көгалдандырылуы, абаттандырылуы, тазалығының үйлестірілуін қамтамасыз етіп, аумақтағы тұрғындардың мәселелерін назарға ала отырып, шешімі табылуы үшін жұмыс атқаратын болады. 

«Turkistan bike» - игілікке бастар жоба
Жыл басынан бері «Инватакси» қызметіне 101 адам жүгінген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу