«Turkistan bike» - игілікке бастар жоба

Oinet.kz 17-06-2021 589

Түркістандықтардың жаппай велосипедке ауысатын кезі келді. Бұл мақсатта бірқатар жобалар қолға алынуда. Арнайы келіссөөздер жүргізіліп, бастапқы алғы шарттар жасалды. Көпшіліктен қолдау тапқан бірегей бастама шаһарда бүгінде өз жемісін беріп отыр. 

велосипед.jpg

«Turkistan bike» - игілікке бастар жоба. Қазіргі таңда, облыс орталығында аталмыш жоба бойынша велопрокаттың бес тұрағы қызмет көрсетуде. Тұрақтарда 80 орындық және 40 велосипед тұрғындардың қолданысы үшін арнайы қойылған. Қолданушы велосипедті станциялардан арнайы ID кодтары арқылы жалға алуына болады. Әмір Темір көшесіндегі пирамида тәріздес Полиция пункті бөлімінде 500 теңгелік айлық абонемент де бекітілген.  

Велосипедті қолданушы уақытына орай әр түрлі бағамен жалға ала алады. Жалға беру уақыты мен бағасы 30 минутқа дейін тегін, 31-60 минут арасы 100 тг, 61-120 минутқа 250 тг, 121-180 минут 500 тг болса, 181 минуттан бастап прокаттың әр сағатына 1000 теңге көлемінде төленеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, велосипедті 2021 жылы 8 мыңға жуық адам жалға алған.

Алдағы уақытта бұл жобаның тұрғындарға берер пайдасы молынан болмақ. Себебі, аталмыш жоба қаладағы велоспорт және веложол инфрақұрылымын дамытумен қатар, қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жәрдем берері сөзсіз. 

Түркістан шаһарының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
«Халықпен жұмыс жүргізу секторларында» тұрғындармен кері байланыс орнатылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу