Шаһардың көркеюінде жастардың белсенділігі маңызды

Oinet.kz 26-06-2021 713

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге!» атты Жастар форумында: «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Біздің әлеміміздің қаншалықты өзгергеніне жастарға қарап баға беруге болады. Сіздер дербесірек, ақылдырақ, үздігірек бола түстіңіздер. Жастарымыздың, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің бүгінде қалай өмір сүріп, не туралы армандап және өз армандарын өмірде қалай жүзеге асыру керектігін өздерінің шешетіндігі мені шын қуантады. Сіздерге ол табиғи және өзінен өзі солай болуға тиіс сияқты көрінеді. Біздің Тәуелсіздігіміздің озық жетістіктерінің бірі де осы» - деп атап, болашақ бүгінгі жастардың қолында екенін ескертті. 

image.png

Осы орайда Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков түркістандық жастармен кездесті. Жастардың ұсыныс - тілектерін тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап берген әкім, қаланың көркеюі олармен тікелей байланысты екенін жеткізді. Жиын барысында, алдағы уақытта бірге атқарылар жоспарлар мен іске асырылатын жұмыс барысын сөз етті.

- Қаламыздың көркейіп дамуында жастарымыздың да қолтаңбасы болуы тиіс. Бұл бағытта Сіздердің белсенділіктеріңіз аса маңызды. Жұмыс істеймін, кәсіп ашамын, мемлекеттік қызметке жұмысқа келемін деген жастарға қолдау көрсетуге дайынбыз – деді шаһар басшысы. 

Айына бір рет жүйелі түрде жастармен кездесу ұйымдастыратынын айтқан әкім, қалалық Жастар орталығының басшысы Бақытжан Дүкенбайды штаттан тыс кеңесші етіп тағайындап, барлық мәселелерді шешуге аса жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Алдағы уақытта қаланың даму жолындағы 4 бағытында, яғни абаттандыру, құрылыс салаларының сапалы орындалуында жастардың үлесі зор болады деп күтілуде.

Мұқтаж отбасыға сыныптастары үй сыйлады
Жастардың 80 пайызы жұмыспен қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу