Мұқтаж отбасыға сыныптастары үй сыйлады

Oinet.kz 25-06-2021 2918

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында туған жерге ерекше тоқталып өтті. "Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек" - деп жазған болатын.

image.png

Елбасының мақаласына орай Шардаралық жалғызбасты анаға 3 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. 11 жылдан бері үй жалдап, үш перзентімен, ортаншы ұлы мүмкіндігі шектеулі болғандықтан жұмысқа орналаса алмай отырған жалғызбасты ана Гауһар Әшімхановаға Шардара қаласындағы N1 «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектебін 2001 жылы бітірген түлектер мен «Харекет» қайырымдылық қоры бірігіп, облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жаңа баспана сыйлап, қуанышын еселеді. Қайырымды іске аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, жаңа үйдің иесі атанған ананы қуанышымен құттықтап, шараның басы қасында жүрген азаматтарға алғысын білдірді. 

image.png

- Қоғамды ізгілікке, мейірімге жетелейтін бастамалар алдағы уақытта жалғаса береріне сенімдімін. Облыс әкімінің тікелей бақылауында тұрған бұл бағдарлама жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болды. Осыған орай, жыл басынан бері бір ғана Шардара ауданының өзінде қайырымдылық арқылы бүгін міне алтыншы үй беріліп жатыр. Ізгі шараның жүзеге асуына атсалысқан азаматтарға айтар алғысым шексіз! - деді ол. 

image.png

Жаңа баспананың иесі атанып отырған Гауһар Базарбайқызы көмек қолын созған барша азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді. 

Расында, «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» - деген қазақта жақсы сөз бар. Қайырымдылықты қайырлы іс деп санаған жомарт азаматтар көмекке зәру отбасыларға жәрдемін аямай келеді. Тіпті олардың қатары әрбір өңірде жылдан жылға артып келеді. Отандастарымызға әрдайым қолғабыс болу бүгінгі азаматтардың басты борышы екенін ұмытпағанымыз жөн. 

Бүгінгі бүлдіршін - ертеңгі ел тірегі!
Шаһардың көркеюінде жастардың белсенділігі маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу