Мәдениетті әрі сауатты орта қалыптастыру бүгінгінің талабы

Oinet.kz 24-05-2021 931

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді" - деп, болашақ білімді жастардың қолында екенін атап көрсетті.

image.png

Осы негізде, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Арыс қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өнер мәдениеттің алтын қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты, оқырмандарды патриоттық сезімге тәрбиелеп, мәдениетті және сауатты орта қалыптастыру. Жастардың білімге деген ұмтылысын арттырып, кітап оқуға баулу. Жиын барысында, кітапхана қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, нәтижесінде түрлі марапаттарға ие болды. 
image.png

Ұлы дала елінің мәдениеті мен ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлестері үшін Көкжиде ауылдық кітапхананың кітапханашысы Даулетова Айжан Елібайқызы, Монтайтас ауылдық кітапхананың кітапханашысы Нәлібаева Райхан Оңғарқызы қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін Досжанова Қарлығаш Жарасбайқызы, Майлыкараева Ақгүл Молдаханқызы,Ташкенбаев Ділмахан Шәмшіұлы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы С.Иманқұлованың құрмет грамотасын иеленді.

Мәдениет - дамыған қоғамның маңызды бөлігі. Әрбір адамның ішкі және сыртқы мәдениеті қоғамда өзіндік ой-пікір қалыптастыруы тиіс.  Ал, мәдениет сол адамның  тұлғалық деңгейін көтеретін негізгі құрал екені сөзсіз.

Түркістандағы «Ұлы дала орталығы» тарихи түпнұсқа жәдігермен толықты
Тұрар Рысқұлов музейіне ұлттық нақыштағы бұйым тарту етілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу