Түркістандағы «Ұлы дала орталығы» тарихи түпнұсқа жәдігермен толықты

Oinet.kz 13-05-2021 491

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында тарихи құндылықтарды насихаттау басты міндет екенідігі нақты көрсетіледі. 

13мамыр.jpg

Осыған орай, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» орталығында «Ұлылардан қалған мұра» атты іс-шара өтті. Шара барысында Түркістанға арнайы іс-сапармен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов сөз алып, бүгінгі түрленген Түркістанға деген таңданысын жеткізді.

- Көне Түркістан шаһары небәрі үш жылдың аралығында адам таңғаларлықтай әсем де, көркі көз тартар шаһарға айналды. Таяуда ғана Түркістан - Түркі елдерінің мәдени астанасы атанып, қазақ елінің нағыз мәдени, рухани орталығы екенін барша жұртқа паш ете бастады. Соңғы екі жылда қалада 200-ден астам мәдени, рухани, әлеуметтік нысандар бой көтіріп келеді. Осы ретте мен де бүкіл қазақ халқының терең тарихынан сыр шертер жәдігерлердің алтын ұясына айналып отырған «Ұлы дала елі» орталығына жеке мұрағатымда сақталып келген Абылай ханның орыс патшайымы Екатерина Алексеевнаға жазған хатын тапсыруды жөн көрдім, - деді Болат Анапияұлы. 

13.jpg

Сонымен қатар, жиын барысында вице-министр өзінің жеке мұрағатында сақталып келген үш жүздің басын қосқан қазақ ханы Абылайдың Ресей патшайымы Анна Иоановнаға жазған хатының тұпнұсқасын орталық басшылығына салтанатты түрде табыс етті. Аталмыш шараға, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов қатысты.

13 май.jpg

Түркістан шаһарына жасаған жұмыс сапары барысында Бақыт Тілепов көне жәдігерлерді аралап, орталық қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, этно ауыл, ботаникалық бақ, «Керуен сарай» кешені мен Тұңғыш Президент саябағын, «Алтын Самұрық» театры мен фуктор аймағын аралады.  

Ардагерлерге құрмет - ерлікке тағзым
Мәдениетті әрі сауатты орта қалыптастыру бүгінгінің талабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу