Ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына себепкер болды

Oinet.kz 20-04-2021 668

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында туған жерді түлетуге баса назар аударды. Бағдарламада туған жерді түлету тек мемлекеттік бағдарлама арқылы бюджеттен емес, жеке кәсіпкерлер есебінен де жүзеге асырылу керектігі айтылды. Әрбір азамат өзінің туып-өскен жерінің дамуына атсалысса, елімізде барлық ауыл-аймақ гүлденіп кетер еді. "Көп түкірсе - көл" демекші, әрбір кәсіпкер ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, көркеюіне титтей де болса үлес қосса, республика бойынша ауқымды жобаға айналары сөзсіз. 

176153957_468726347668030_8484870246214115813_n.jpg

Қазіргі таңда Түркістан облысында ауылына көңіл бөліп жатқан кәсіпкерлер аз емес. Соның бірі - Хасымхан Әшірбаев. Ол өзінің мәрттігімен, жомарттығымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасы аясында  2018-2019 жылдың Республикалық "Жомарт жүрек" сыйлығының "Туған жер" номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. 

Хасымхан Әшірбаев жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында Төлеби ауданы, Бейнеткеш елді мекенінде құны 11,0 млн  теңгені құрайтын жабық спорт алаңшасын салды. Сондай-ақ, өз қаражат есебінен Бейнеткеш елді мекенінің кіре берісіне құны 3,0 млн теңгені құрайтын қақпа орнатып, көркейту көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде ауыл жастары жомарт кәсіпкер салған спорт алаңшасында жаттығу жұмыстарын жасап, спортпен айналысуда. Осылайша жас жеткіншек, жас өскіндердің салауатты өмір салтын ұстануына себепкер болған Хасымхан Әшірбаев өзге кәсіпкерлерге үлгі бола білді. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуы тұрақты бақылауда
2 тонна Наурыз көже пісірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу