Арыс қаласында экоакция аясында үй аулаларын тазарту жұмыстары жүрді

Oinet.kz 11-04-2024 1314

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында «МПС» тұрғын алабын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, қосқабатты үй аулаларындағы құлағалы тұрған, заңсыз соғылған шаруашылық нысандар сүрілуде.

Screenshot_9.jpg

Барлық құрылыс қалдықтары арнайы орынға тасымалданып, жолдар кеңейтілуде. Сонымен қатар, аулаларда алдағы уақытта ойын алаңшаларын орнатып, қоқыс контейнерлерін жаңарту секілді жұмыстар атқарылатын болады. 

Бұдан бөлек, Қ.Дулатбаев пен И.Ақынбеков көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл тұрғындар мен ата-аналардың көптен күткен жаңалығы болды. Себебі, аталған көше арқылы М.Әуезов пен №376 бастауыш мектеп оқушылары мектепке барады. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы 900 метрді құрайды. Жалпы биылғы жылы 4 500 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланып отыр. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ордабасыда «Таза қазақстан» акция аясында 15 шаруашылық канал тазартылды
Ауылшаруашылығын субсидиялауда ақпараттық жүйе қызметіндегі кедергілер жойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу