«Таза Қазақстан»: Түркістанда егілген гүлдер саны 200 мыңға жетеді

Oinet.kz 09-04-2024 996

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында  ауқымды шара жалғасуда. Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. 

IMG-20240409-WA0016.jpg

Акция аясында  бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. 

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам –  Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.   

Жалпы, биыл көктем айларында қала аумағына және саябақтар мен көшелерге, тағы басқа нысандарға 104 300 түп көшет  егілді. Атап айтқанда, терек, емен, ива, үйеңкі, катальпа, арша, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа егіліп, қаланың сәніне сән қосты. Шаһарда 200 мың түп гүл отырғызылуда. «Таза Қазақстан» акциясы бұл жұмыстарға айрықша серпін беріп жатыр. Көгалдандыру жұмысы күшейе түсті. 

Айта кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталған болатын. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында «Таза қазақстан» акциясы аясында 145 мыңға жуық ағаш пен бұта егілді
Қалыйма Жантөреқызы ақтөбелік ағайындардың жанынан табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу