«Абу Даби-Түркістан» бағытындағы алғашқы ұшақ «Әзірет сұлтан» әуежайына қонды

Oinet.kz 17-01-2024 2667

Бүгін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайына Абу-Дабиден «Wizz Air» әуе компаниясының «Airbus 321» ұшағы келіп қонды. Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал туристік қаласынан бағыт алған ұшақта 100 жолаушы бар. Жолаушылардың 40%-ы — туристер. Сондай-ақ, бүгін рухани астана Түркістаннан Абу-Дабиге 200 жолаушы аттанды.  

Screenshot_13.jpg

Өткен жылдың қараша айында «Аби-Даби — Түркістан» жаңа әуе бағытының ашылатыны және билеттер сатылымға шыққаны жарияланған болатын. Билеттер «wizzair.com» сайты мен мобильді қосымшасында сатылымда. Бағасы - 20 мың теңгеден басталады. Мамандардың айтуынша, неғұрлым ертерек алынған билет соғұрлым арзан болады. Сондай-ақ, егер «wizzair.com» сайтына тіркеліп, клуб мүшесі атанған жағдайда 10%-ға дейінгі жеңілдіктерді алуға мүмкіндік бар.

Айта кетсек, рейстер аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 3 рет орындалады. Жалпы Түркістан халықаралық әуежайы арқылы халықаралық рейстерден Ыстамбұл мен Эль-Кувейтке, ал республикаішілік Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына тұрақты әуе рейстері ұшады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл Түркістан облысында заманауи тұқымбақ ашу жоспарлануда
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу