Төлеби ауданы «AMANAT AQYLMAN» жеңімпазы атанды
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен «Жастар рухы» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «AMANAT AQYLMAN» атты интеллектуалы ойыны өз мәресіне жетті.
Облыс көлемінде аудан, қалалардан іріктелініп, жүзден жүйрік атанған 17 команда облыс орталығында бақ сынады. Әр ауданның үздіктер таласқан тартысты сайысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Интеллектуалды жарыстың іріктеу кезеңдеріне 900-ден астам адам қатысты. Бүгін 7 кезеңнен тұратын білім жарысында облысымыздың 17 аудан, қаласынан іріктелген 100 ой үздіктері қатысып отырсыздар. Ойын қызықты әрі тартысты өтеді деп ойлаймын. Командалардың да жеңіске деген құлшынысы мықты. Әрине ойын болғаннан кейін біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Оған төрешілер өздерінің әділ бағаларын беретін болады. Ойынды ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан демеушілерге және партияластарға үлкен алғысымды білдіремін,- деді А.Үмбеталиев.
Аталмыш сайыстың мақсаты жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты арттыруды интеллектуалды ойын арқылы толығырақ насихаттау.
4 кезеңнен құралған ойында қатысушылар үшін сұрақ-жауапқа 1 минут уақыт берілді. Әр команда құрамы 6 белсенді қатысушылардан құралған. Ойынның бір ерекшелігі сайыс барысында қатысушылар смартфон, планшет қолданбай өз ұтқырлығымен білімдерін сынай білді.
Ойын соңында төрешілердің шешіміне сәйкес жеті кезеңнің жеңімпаз командалары анықталып партия төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы I, II, III орын иелеріне арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.
Турнир қортындысы төмендегідей:
1- орын Төлеби ауданы, “Жалын” командасы
2-орын Бәйдібек ауданы, “ВВС” командасы
3-орын Түркістан қаласы, “Тұран БАҚ” құрамасы
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі