Отырарда 39 көше жөнделеді

Oinet.kz 20-07-2023 164

55.jpg

Отырар ауданында жалпы 39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған игі істер «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен атқарылуда. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін Шәуілдір ауылындағы А.Маханбетұлы, С.Өтебеков көшелеріне асфальт төселген. Қазіргі таңда елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Атап айтқанда Арыс ауылындағы П.Қалыбеков, Б.Қабылов, Ә.Смайлов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Мұнан бөлек Темір ауылдындағы Н.Құлымбетов, Қарғалы елді мекеніндегі Қарғалы-2, Талапты елді мекеніндегі Ж.Смайлов көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Жол жөндеу жұмыстары аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың тапсырмасына сәйкес жауапты мекемелер және аудандық мәслихаттың жанынан арнайы құрылған комиссия мүшелері бірлесе отырып жол сапасына қадағалау жүргізіп келеді. 

Айта кету керек, 2023 жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 19,6 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 24,3 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.


Төлеби ауданы: Екі елді мекенде ауыз су құрылысы басталды
Мақсат-өмір сүруге қолайлы жағдай жасау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу