Төлеби ауданы: Екі елді мекенде ауыз су құрылысы басталды

Oinet.kz 20-07-2023 205

54.jpg

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кездесуі Қоғалы ауылдық округінде жалғасын тапты. 

-Басқосу барысында тұрғындарды ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының жарты жылдық қорытындысымен таныстырдым. ІІ кездесуде округ халқы көтерген мәселелердің орындалу барысын баяндадым.  Үш елді мекеннен құралған ауылдық округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдар – 15,6 шақырымды құраса, қанағаттарлық жағдайы – 81,7 %, жыл қорытындысымен 98 % жетеді деп жоспарлануда. 28,5 шақырымды құрайтын елді мекеннің ішкі көшелерінің жарамдылығы жыл соңына дейін 92 % жететін болады. Ұзындығы 36 шақырымды құрайтын КХ-82 автомобиль жолының 34-70 шақырымдары (Диханкөл-Қасқасу-Зертас) аралығын орташа жөндеуден өткізу жұмыстары басталған. Асфальт төсеу жұмыстары биыл аяқталады. Ағымдағы жылы «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында Диханкөл елді мекенінің 4,2 шақырым Алмалы көшесін орта жөндеу жұмыстары басталды. Ауыз су саласында бірқатар жұмыстар жоспарланған болатын. Атап айтқанда, 2023 жылы Ұзынарық, Алшалы елді мекендерінің ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары басталды. Диханкөл елді мекенінің ауыз су құбырын жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы қаралды. Қазіргі кезде облыс тарапынан мердігер анықталуда. Диханкөл елді мекені, орталық Бәйтерек көшесіне салынған асфальттың жаны ойылып кетпес үшін суағар қою мақсатында  сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2024 жылға бюджеттік өтінім беріледі. Ұзынарық елді мекеніндегі мектептің акт залына 2023 жылдың мамыр айында жарамды 50 орындық берілген, оқу жылы басталғанға дейін қосымша 50 орындық беріледі. Ұзынарық елді мекені, Бұлақты көшесінің электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Төлеби аудандық электр жүйелері мекемесінің инвест бағдарламасына енгізілді. 2024 жылы электр бағаналары жаңартылатын болады. Алшалы елді мекені Ынтымақ көшесіне «Жарық жол» мекемесі арқылы тамыз айына дейін ағымдағы жөндеу (ямочные работы) жасалатын болады.  Алшалы елді мекені Бірлік көшесінің 0,81 шақырымын жөндеу үшін сметалық құжаты әзірленіп, 2024 жылға бюджеттік өтінім берілетін болады. Аудандық маңызы бар КХТЛ-24 Ұзынарық – Алшалы арасындағы жол бойындағы көпірге жасалған жобаның мерзімі өтуіне байланысты жобаны қайта өзгертуге (корректировка) «Улмад» ЖШС ұсыныс берілді. Алайда жобаны әзірлеп, сараптамадан өткізуге 18,0 млн теңге қажет. Алдағы болатын бюджеттік нақтылауға қаржы қарауға ұсынылатын болады.  Облыстық бюджеттен 2024 жылға көпір құрылысына қаржыландыруға ұсынылады. Округте 6,3 шақырым жолға түнгі жарық орнатылған. Орталық жолдар толығымен жарықтандырылған. 4,8 шақырым жерге аяқжол салынған. Диханкөл орталық жолына тротуар су жүйесінің құрылысынан кейін жасалатын болады. Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылап, сұрақтарына жауап бердім. Жиында округ халқының өтініш, ұсыныс-пікірлерін сараптап, сұранысы бойынша хаттама түзіліп, ол бойынша атқарылған жұмыстар барысын бақылауыма аламын,-деп жазды аудан басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 


Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті
Отырарда 39 көше жөнделеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу