Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті

Oinet.kz 20-07-2023 306

53.jpg

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телшғараеатың Аққұм ауылдық округіндегі халықпен кездесуі негізінен "сұрақ-жауап" форматында өтті. Бұл туралы аудан басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

-Тұрғындар елді мекен шеңберінде инженерлік коммуникация жүйелері, жайылымдық жерлерге катысты сұрақтарын қойып, ұсыныс -пікірлерін жеткізді. 

Аққұм ауылдық округіндегі аудандық маңызы бар жолдар-25,6 шақырымды құраса, қанағаттанарлығы 86,4 %. Елді мекеннің ішкі көшелері–37,6 шақырым болса, жарамдылығы 96,1 %. Жыл қорытындысымен 97,5% жетеді деп жоспарлануда . 

Аққұм елді мекеніндегі 1,65 ш.қ Қапал батыр және 1,860 ш.қ Әлі ата көшесін ағымдағы жөндеуден өткізуге 52,0 млн теңге қаржы қаралып, мердігер «Бірлік НС» ЖШС тас төсеу жұмыстары жүргізуде. 

"Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы аясында Аққұм е/м жалпы ұзындығы 4,722 шқ Қапал батыр көшесінің жол жабындысын орта жөндеуден өткізуге 118,3 млн теңге қаралып, мердігер «ЕвроРемонтСервис» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. 

Момынай елді мекеніндегі 1,5 ш.қ Ақтас көшесін ағымдағы жөндеуден өткізуге 23,5 млн теңге қаржы қаралып, мердігер анықталуда. 

Округ аумағындағы елді мекендерде табиғи газ мәселесі толық шешімін тапқан. Аққұм ауылдық округі, Аққұм, Жаңаұым, Момынай елді мекеніндегі 1968 жылы салынған ауыз су құбырлар келешекте жаңартуды қажет ететін болғандықтан 2024 жылы жобалау-сметалық құжатын (ЖСҚ) әзірленетін болады. 

2023 жылы –Момынай елді мекенінде жалпы ұзындығы 0,880 шқ Ақпан батыр көшесіне трансформатор мен электр желісі үшін ЖСҚ әзірлеуге 2,6 млн теңгеге қаржы қаралып, жобалаушы анықталуда. 

Демеуші «Шымгеопроект» ЖШС есебінен Аққұм елді мекінендегі 1,7 ш.қ Ащы көшесіне Жаңаұйым елді мекеніндегі 1,2 ш.қ Қырықбаев, Тастөбе көшелеріне электр желісінің құрылысын жүргізу үшін жобалау –сметалық құжаты әзірленуде. ЖСҚ-ы жыл соңына дейін аяқталып, 2024 жылға қаржыландыруға ұсынылатын болады. 

Елді мекендерге жалпы 14,9 ш.қ түнгі жарық орнатылып, 9,2ш.қ аяқ жол салынған. Орталық жолдар түнгі жарықпен қамтылған. 

Жаңаұйым елді мекеніндегі Тастөбе көшесіне 0,810 шқ аяқжол салу және суағар орнату үшін алдағы болатын бюджетті нақтылауда қайта қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. 

Аққұм елді мекені, Әліата көшесіндегі тозығы жеткен 10-ға жуық ағаш бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде. Аталған мекеме тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы қараша айына дейін жаңартылатын болады.

«Жылақ-ата» бұлағынан Аққұм елді мекенінің жоғарғы бөлігіне (5-көшеге) су тарту бойынша «Ленгір су» мекемесімен бірлесіп, зерттеу жүргізілді. Алайда бұл бұлақтарда су көлемі аз болғандықтан су тарту тиімсіз екендігі анықталды. 

Қазіргі таңда Аққұм елді мекені Жаңатұрмыс елді мекеніндегі ұңғымадан тартылған сумен қамтамасыз етілуде. Алдағы уақытта жаңа скважина қазу жұмыстарын жүргізу немесе Нысанбек елді мекеніндегі су тарту мәселесі қаралып жатыр.

Тоқсан сайын ресми сайтта кездесу барысында халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат жарияланады. Халықпен сөйлесіп, олардың мәселелерін шешу жолында жоспарлар құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізіледі,-деп жазды аудан басшысы.


Төлеби ауданы: Ұйымшылда ауыз су жүйесі жөндеуден өтуде
Төлеби ауданы: Екі елді мекенде ауыз су құрылысы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу