Төлеби ауданы: Ұйымшылда ауыз су жүйесі жөндеуден өтуде

Oinet.kz 21-07-2023 199

52.jpg

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кездесуі Кемеқалған ауылдық округінде жалғасты. Бұл туралы аудан басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

-Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кезекті кездесуім Кемеқалған ауылдық округінде жалғасын тапты.

Басқосуда халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының жарты жылдық қорытындысы мен ІІ тоқсанда өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысын баяндадым. 

Ауылдық округ аумағындағы облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы–98,5 %. Аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлығы 94,2 пайызға жетті.

Аудандық бюджет есебінен Қаратөбе е/м 2,92 шқ Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелері, сметалық құны 70,414 млн.тг қаржы қаралды. Мердігер мекеме анықталуда.

Аудандық бюджет есебінен 1,6 шақырымды құрайтын Ұйымшыл елді мекеніндегі Шоқалақ көшесін жөндеуден өткізуге сметалық құны 36,628 млн.тг қаржы қаралды. Мердігер мекеме анықталуда.

Ақбастау елді мекеніндегі 2,9 шқ Төртшал көшесін, 0,620 шқ Қазығұрт көшесін жөндеуден өткізуге сметалық құжаты әзірленіп, қаржыландыруға құжаттары ұсынылды. Абай-Ұйымшыл елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 3,1 ш.қ КХТЛ-12 жолының жабындысын орта жөндеуге 79,9 млн теңгеге сметалық құжаты әзірленіп, алдағы болатын бюджеттік нақтылауға құжаттары ұсынылды. 

Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесіндегі 14 үйге, 3,5 ш.қ газ құбыры тартылып, 10 дана ГШРП орнатылды. «ИнтегазГазОрталықАзия» АҚ-нан Қазақстан–Бейнеу-Ташкент магистралды газ құбырымен қиылысатын аумақтан өтетін Д63мм құбырды тарту жұмыстары мамыр айында аяқталған. Қазіргі кезде ары газды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. 

Ұйымшыл елді мекеніндегі ауыз су құбырының ағымдағы жөндеуден өткізуге аудан бюджетінен 30,1 млн теңге бөлінді. Ленгір су мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталатын болады. 

Ақбастау елді мекені Төртшал, Талдыбастау (Үңгіртас) көшелеріне демеушілер есебінен ЖСҚ әзірленіп, салалық басқармаға қаржыландыруға ұсынылды. Ұйымшыл елді мекеніндегі Шоқалақ көшесіндегі 0,402 ш.қ суағар орнатуға 5,7 млн теңге қаралған, қазіргі кезде мердігер анықтау жұмыстары жүргізілуде. 

II тоқсанда ауылдық округі халқымен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысы:

Ұйымшыл елді мекенінің ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 30 167,57 мың теңге қаралып, бүгінгі таңда «Ленгір су» МКК арқылы жөндеу жұмыстары басталды. 

Сметада су есептегіш құралдарын орнату қаралмаған. Су есептегіш құралдары «Ленгір су» МКК келісімі арқылы абоненттердің өз есептерінен жүргізілетін болады.

Ұйымшыл ауылына баратын асфальт жолды жөндеуге қажетті сметалық құжаттамасы әзірленген. Алайда 2023 жылы заңға өзгерістер енгізуіне байланысты, ұлттық сапа орталығына ведомствалық сараптамадан өткізуге ұсыныс берілген. Сараптама қорытындысы алынған жағдайда сараптамаға сәйкес смета әзірленетін болады. 2024 жылдың бюджетіне ұсынылады.

«КазТрансГаз» ЖШС тарапынан бекітілген жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін ақауы бар құбырлар жөнделіп, реттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қаратөбе елді мекені, Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформаторлық станциядан электр желілерін салу құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Нысанның құрылыс құны 74 190,0 мың теңге. 2022 жылға 10,0 млн тг қаралып, құрылыс жұмыстары басталып, қалған 64 190,0 мың теңге 2023 жылға өтпелі. Алайда 2023 жылғы бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржы қаралмаған. Бұл бойынша Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына және энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасына 26.01.2023 жылғы 229-15/08-08/258 және 24.05.2023 жылғы 229-15/08-08/1569 шығыс хаттарымен қосымша бюджеттік өтінім жолданған. Қаржы қаржы қаралған жағдайда 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. 

Кемеқалған ауылдық округі, Қаратөбе елді мекеніне 187,0 га жер телімін ортақ жайылымдық жер қорына алу жұмыстары жүргізіледі.

Кездесуде тұрғындардың мұң-мұқтажын біліп, жоқ-жітігін түгендеп, толғандырған сұрақтарғына жауап бердім. Халықтың өтініштері мен сауалдары негізінде жұмыс жоспары түзіліп, проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыруға салалық басқармаларға, мәслихат сессиясына ұсынылады. Кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым,-деп жазды аудан басшысы. 


Сарыағаш: Кәсіпкерлер грант арқылы цех ашты
Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу