Сарыағаш: Кәсіпкерлер грант арқылы цех ашты

Oinet.kz 23-07-2023 402

51.jpg

Бүгінгі таңда ауданда шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Әсіресе мемлекеттік гранттар біраз адамның кәсіп бастауына оң әсерін тигізуде. 

Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттік грант алып эпоксидті шайыр бұйымдар жасау арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отырған қала тұрғыны, Ж.Сұлтанмұрадованың жұмысымен танысты. Ж.Сұлтанмұрадова ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, эпоксидті шайыр бұйымдар жасауда,яғни сағат,ыдыстар және т.б үйге, кеңсеге арналған заттарды жасайды. Осы жобаны іске асыра отырып, қазіргі таңда, қолөнер шебері 5 шәкірт тәрбиелеп, әрі қарай кәсібін дамытуда.

Сарыағаш ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

аудан басшысы сонымен бірге мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан Жартытөбе ауылдық округінің, тұрғыны А.Мұстафаеваның жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер осы жылдың сәуір айында мемлекеттен грант алып, үй іргесінен шағын кондитерлік цех ашқан. Мемлекеттік грант керекті құрал-жабдықтар сатып алуына үлкен септігін тигізгенін айтады. Қазіргі таңда дәмі тіл үйіретін тәтті нан өнімдеріне сұраныс көп екенін, тапсырыстарды орындап жатқандығын,сондай-ақ ауыл округінен 2 тұрғынын жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді. 

Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев Дастан елді мекеніне арнайы барып, көпбалалы ана, жеке кәсіпкер Р.Ажимұратқызының тігін цехымен танысты. Кәсіпкер ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік грант ұтып алған. Грант қаражатына тігін машиналарын, оларға қажетті қосалқы бөлшектерін алып, кәсібін бастап,өз отбасының 4 мүшесін жұмыспен қамтып, отбасылық экономиканың бюджетін артырып отыр.Бүгінде ол тапсырыспен ұлттық нақышта безендірілген, қыз жасауларын және басқа да кестелеп тігетін түрлі қолөнер бұйымдарын жасауда.


Сарыағашта 6 «Жайлы мектеп» салынады
Төлеби ауданы: Ұйымшылда ауыз су жүйесі жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу