Мақсат-өмір сүруге қолайлы жағдай жасау

Oinet.kz 25-07-2023 533

56.jpg

Жергілікті  биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.  Осы орайда Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудандық мәслихат төрағасы Хамит Байыспаевпен бірге Келтемашат ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, халыққа есеп беру жиынын өткізді. Жиынға аудандық дербес бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ең алдымен аудан әкімі халыққа бірінші жартыжылдықты қорытындылап, аудан көлемінде және ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, 2023 жылы округ ішінде атқарылатын жұмыстар туралы баяндап, жиынды сұрақ-жауап форматында жалғастырды.

Тұрғындар тарапынан көтерілген мектеп және балабақша алдына жол белгілерін орнату, жарық пен электр желілерін тарту және үкіметтен берілетін жер телімі туралы мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы аталған мәселер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар беріп, кезек күттірмейтін мәселелерді шұғыл шешу керектігін айтты. Есептік кездесуге келіп, ауылдың мәселелерін көтергені үшін ауыл азаматтарына алғыс айтқан әкім, халыққа қандай да бір мәселе туындап жатса, кез-келген  күні қабылдайтынын және сол мәселелерді шешу үшін жұмыс істейтінін жеткізді.

Састөбе кентінде өткен кездесуде бірқатар проблемалардың шешу  жолдары талқыланды.  Кенттегі өзекті мәселенің бірі болып келген Жібек Жолы көшесіндегі №5А көп қабатты тұрғын үйдің ауласын аббатандыру жұмыстары биыл іске асатын болады. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстарға алғашқы қаржысы қарастырылып отыр. Алдағы мәслихат сессиясында қаржы бекітілгеннен соң, мердігерді анықтау жұмыстары атқарылатын болады.

Бұдан бөлек биылғы жылы Састөбе кентінде орналасқан апатты тұрғын үйлердің орнына ренновация бағдарламасы арқылы бой көтеретін 48 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің және Ынтымақ ауылдық клубының құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр.

Кездесу уақытының басым бөлімі регламентке сай сұрақ-жауап форматында өтіп, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов тиісті мекеме басшыларымен бірге тұрғындарды толғандырған денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік, спорт саласы мен жеңілдетілген пайызбен несие алу, жарықтандыру, ауыз су, темір жол бекетіне жолаушы тасымалдайтын поездың тоқтауын ұйымдастыру, көгалдандыру жұмыстарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Содан соң аудан басшысы жеке мәселелерімен жүгінген кент тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, көкейлерінде жүрген мәселелеріне құлақ асты. Қабылдау барысында көтерілген әр мәселе бойынша жауапты мекеме басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, заң аясында шешуге тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.

Керейт ауылының мәдениет үйінде Арыс ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде де тұрғындардың көкейінде жүрген талап-тілектердің шешу жолдары сөз болды. 

 - Ауылдағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Сондықтан, күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз,- деген әкім Нұржан Ізтілеуов халықтың сұрақтарына жауап беріп, заң шеңберін тиісті жұмыстарды атқаратынын жеткізді. 

Қазіргі таңда ауылдағы ең өзекті мәселе- Қайыршақты өзенінің қазба жұмыстарының әсерінен ластануы және оның экологияға кері әсері, адам денсаулығына қауіп төндіруі. Қазба жұмыстарымен айналысып жатқан компанияға наразы жұрт осы мәселе бойынша әкімнен көмек сұрады. Жиынға арнайы шақыртылған компания өкілдері судың лайлануы белгілі қателіктерден орын алғаның түсіндіріп, тұрғындардан кешірім сұрады. Аталған мәселе бойынша, аудан әкімі компания басшылығымен және жауапты мамандармен бірге қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге барып, мәселенің ақ-қарасын ажыратып, өзеннің ластануын түбегейлі шешу бойынша нақты шаралар қабылданатындығын жеткізді.  Сонымен қатар кездесуде  инфрақұрылым, электр энергиясы, ұсақ малдарды тоғыту, тасылмалдау секілді мәселелер қаралып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Ал Машат ауылдық округінде өткен жиында Нұржан Ізтілеуов аудан көлемінде және Машат ауылдық округі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша халыққа есеп берді. Машат ауылдық округі жалпы бюджеті 11,5 млн теңгені құрап отыр. Жалпы қаражаттың 3,6 млн теңгесі елді-мекендерді жарықтандыруға жұмсалса, санитарияға 1 млн теңге, елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға 2,4 млн теңге бюджет есебінен бөлініп, әкім аппаратын күтіп ұстауға 4,5 млн теңге қаражат қаралған.

Сонымен қатар, аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы мамандар мен дербес бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бірінші кезекте атқарылу керек шараларды шұғыл шешу керектігін ескертті. Машат ауылдық округі бойынша 2023 жылы: Еңбекші ауылы, Анарбай көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізледі, жарықтандыру жұмыстары Қызылбастау ауылы, Қалдарбек көшесі және Еңбек ауылы бойынша Уалиханов көшелерінде атқарылады. Машат ауылы Баймаханов көшесін жарықтандыруға қаржы қаралып отыр. Ал Машат және Мыңбай ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына жобалық сметалық құжаттар және мемлекеттік сараптамасының қорытындысы күтілуде.

Балықты ауылдық округінде өткен кездесуде  тұрғындар тарапынан ауыз су, аяқ жол, көше жарық шамдарын орнату, қоғамдық көлік пен заңсыз таксилерге қатысты мәселелер көтерілді. Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы ең алдымен ауыз су, газ құбырын тарту, жарық қою сынды қажеттілігі жоғары мәселелерді шешу керектігін тілге тиек етті. Ал қалған мәселелерді жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен қаражаттың түсіміне қарай шешетінін жеткізді. 


Отырарда 39 көше жөнделеді
Арыс: Жер қойнауын пайдаланушыларға ескерту жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу