Әкімдік қызметкерлері кәсіпкердің құжаттарын уақтылы рәсімдеуіне кедергі келтірген

Oinet.kz 12-04-2023 248

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке кәсіпкерден  мал шаруашылығы объектісін салу мақсатында 264 га жер учаскесінен 4 га жерді ішінара бөлу бойынша Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан әкімшілік кедергілерге тап болғаны туралы шағым түсті.

IMG-20230410-WA0032.jpg

Бөлімге 2022 жылдың қазан айынан бері бірнеше рет өтініш жасаған кәсіпкер көршілес жер пайдаланушылармен келіспеушілік салдарынан жерге орналастыру жобасына келісім аламаған. Осылайша, Бөлім тарапынан кәсіпкерге жасанды кедергілер жасалған.

Антикор қызметінің тікелей араласуымен жер ресурстарын басқару процесінің барлық қатысушыларымен кәсіпкердің құқықтарын бұзатын қолданыстағы әкімшілік кедергілерді жою бойынша шаралар қабылданып, құқық белгілейтін құжаттарды алу құқықтарын одан әрі жүзеге асырумен кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Түркістандық кәсіпкердің суармалы жер учаскесіне заңсыз тыйым салынған
Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдаудың алдын-алу үшін полицейлер рейд жүргізуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу