Төлеби ауданының мәслихат депутаты уәдесін орындады

Oinet.kz 10-04-2023 245

Түркістан облысы Төлеби ауданынан сайланған депутат халыққа берген уәдесін орындады. Бүгінде жұмысына белсене кіріскен халық қалаулысы Ерболат Жабаев тұрғындармен кездесуінде айтылған ұсыныс-тілектерін назарға алып келеді.

Screenshot_14.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шакырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде сайлау алдындағы уәделер мен бағдарламаларды орындаудың маңыздылығына тоқталған болатын.  Сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындалу керек. Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады, - деді Президент. 

Қасым-Жомарт Кемелұлының идеясын қолдау, сайлау алды бағдарламада көрсеткен уәделерін орындау мақсатында  Төлеби аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев аудандағы   жол мәселесін ретке келтіруде.  Депутат халықтың ұсыныс-тілегімен  ауданға қарасты Үңгіртас көшесіне өз қаражаты есебінен арнайы техника жалдап, ойдым-ойдым  жолдарды  тегістеп, ретке келтіріп, жөндеу   жұмыстарын жүргізіп берді. 

Бүгінде ауыл тұрғындары көптен көрген жол азабынан құтылып, сертіне берік депутатқа алғыстарын жаудыртты.

Түркістанда мемлекет басшысының ауызашары өтті
Түркістандық кәсіпкердің суармалы жер учаскесіне заңсыз тыйым салынған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу