«Қаратау» - ұмытылымас демалыс сыйлайды
Төле би ауданы – Түркістан өңірінің ғана емес республикадағы табиғаты әсем, туризмге қолайлы аймақтардың бірі. Мұндағы Алатау сілемдерінің баурайындағы жотада қыс бойы қардың көбесі сөгілмейді. Ал жазы салқын, таудан ескен самалы жаныңа тыныштық сыйлайды. Демалушылардың арманына айналған өлкенің туризм саласы соңғы жылдары айтарлықтай дамып келеді. Қазіргі таңда туризм саласында аудан аумағында жалпы 140 нысан бар. Соның бірі Қасқасу ауылдық округінде «Қаратау» ЖШС-гі есебінен инвестициялық құны 200 миллион теңгені құрайтын демалыс кешені. Кешеннің сиымдылығы 50 орынды құрап, 7 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Жайдары жазда ғана емес жылдың өзге де мезгілінде қонақтарды қабылдауға дайын бұл демалыс орнының ерекшелігі Қасқасу шатқалының бөктерінде орын тепкен. Мұнда келушілер сұлу табиғатты ығайлы тапшандарда отырып, дәмі тіл үйірген астан дәм тата отырып, тамашалай алады. Сондай-ақ Қасқасудың тылсым, жұмбаққа толы тасы мен шатқалдарын көзбен көріп, серуендеуге мүмкіндік бар. Тамаша табиғат аясы фотосессия жасауға өте ыңғайлы.
«Қаратауда» бос уақытыңызды тиімді әрі қызықты өткізе аласыз.