Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау бойынша құрылған аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері бүгін Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді. Жиынның күн тәртібіндегі мәселе бойынша арнайы бекітілген ақпараттық-насихаттық топтың лекторы, Президенттің Жолдауын ауылдық округі тұрғындарына жан-жақты түсіндірді. Жолдаудың халыққа берер пайдасын, оның мән-маңызы мен өзектілігін түсіндіріп, ұғынықты түрде жеткізе білді.
Жиынға қатысқан ауылдық округтегі еңбек ардагерлері, ұстаздар, ауыл тұрғындары Президенттің Жолдауына байланысты өз пікірлерін білдіріп, жарыссөзге шықты. Олар Президент Жолдауын жоғары бағалап, халықтың әл-ауқаты артатынына қуанышты екендерін айтты.
Жамбыл ауылдық округіне бөлінген ақпараттық-насиаттық топтың жетекшісі, аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков Жолдауды түсіндіру және насихаттау күн тәртібінен қалмайтындығын жеткізіп, осы жиында отырған ауылдың азаматтары әрбір ортада, әрбір жиында және ауылдық округтердегі әрбір мекемелерде насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру керектігін айтып, жиынды қорытындылады.