Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
Халық санағы - өте маңызды жоба. Санақ өткізу арқылы мемлекет өз халқының санын анықтап, болашаққа жоспар құрады. Әлеуетін бағамдап, түрлі жобаларды қолға алады. Бұл ел экономикасының дамып, халықтың әл-ауқатының артуына зор септігін тигізеді. Сондықтан да халық санағына жауапкершілікпен қарау аса маңызды.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы ұлттық халық санағының 2-ші кезеңі бойынша жиын өтті.
- «Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен «Ұлттық санақ 2021»-дің ІІ кезеңі басталды. 15 қазанға дейін санақтың онлайн түрі өткізіледі. Дегенмен, бүгінге дейін Бәйдібек ауданы бойынша санақтың онлайн түрі арқылы тіркелген азаматтардың саны төмен. Осы орайда, халықтың белсенді болуы маңызды», - деген Бағдатбек Пердебайұлы жиынға қатысушы аудандағы барлық бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдері және қызметкерлеріне sanaq.gov.kz сілтемесі арқылы онлайн режимінде санаққа тіркелу және ұйымдастыру жөнінде қатаң тапсырма берді.
Аудандық статистика басқармасының басшысы Рахымжан Нұртаев пен мамандары аталған жиынға қатысушыларға sanaq.gov.kz сілтемесі арқылы онлайн режимінде санаққа тіркелудің ережесін түсіндірді.
Аудан бойынша бүгінгі күнге дейін тіркелген азаматтар саны 119 болатын. Өткізілген жиынның нәтижесімен, бүгінгі күннің қорытындысы бойынша 718 азамат sanaq.gov.kz сілтемесі арқылы онлайн режимінде тіркеуден өтті.