Сайрамның ауыл шаруашылығынан серпін байқалады

Oinet.kz 31-05-2021 629

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысы Сайрам ауданының ауыл шаруашылығында тың жаңалықтар бар. Бұл салада 2021 жылы 4 айда 18 млрд. 841 млн. тенгенің жалпы өнімі өндіріліп,  2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 105,1 пайызды құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы саласы бойынша нақты көлем индексі 105,3 пайыз.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рысқұл Есполайдың мәлімдеуінше, биыл аудан көлемінде 52000 гектар жерге, оның ішінде 13426 гектар суармалы жерлерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар – 21800 гектар, майлы дақылдар – 7350 гектар, көп жылдық мал азықтық дақылдар – 15050 гектар. 2021 жылы көктемге егілетін жоңышқа – 2750 гектар, картоп – 3000 гектар, көкөніс – 4800 гектар. 

Қазір 51825 гектар егіс егілді, жоспар 99,6 пайызға  орындалды, онын ішінде 17015 гектар күздік бидай, 4000 гектар арпа, 2500 гектар жаңа жоңышқа және 4850 гектар көкөніс, 3100 гектар жерге ерте пісетін картоп егілді. Егін егу жұмыстары жалғасуда. Жоспар артығымен орындалады.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде 2020 жылы бір алқаптан 2 рет өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 101 шаруашылықта жалпы көлемі 145,8 гектар жерге егістік егілсе, екінші айналымда жалпы көлемі 93,07 гектарға тұқым себілді. 2021 жылы 250 шаруашылық жалпы көлемі бірінші айналымда 268,74 гектарға егістік екті.

Одан бөлек, жылыжайларға 41,7 гектар көкөніс өсірілді. Ауыл шаруашылығы техникаларының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы бүгінгі таңға – 95,4 пайызды құрайды. 2021 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағада 2860 тонна жанармай қарастырылған.

Түркі тіліндегі алғашқы Құранның тұсаукесері өтті
Сайрамда карантиндік режим қатаң сақталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу