Сайрамда карантиндік режим қатаң сақталуда

Oinet.kz 28-07-2021 797

Елімізде коронавирус індеті өршіп тұрғанда сақтық шараларын сақтау басты назарда. Әр адам көпшілік жиналатын жерден мейілнше аулақ жүруге тиіс. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс тұрғындарын той жасамауға шақырды. Себебі тойда, отырыстарда адам көп жиналады. Мұндай жерде жұқпалы аурулар тез тарайтыны белгілі. 

Screenshot_1.jpg

Осыған орай Сайрам  ауданы әкімі Ұласбек Сәдібеков бекіткен №1 мобильді топ мүшелері Қарабұлақ ауылының Хамза көшесінде орналасқан «Файзулла ата» дәмханасында 45 адамға жоспарланған отбасылық іс-шара-құдалықтың алдын алып, Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулылары талаптарын орындамағаны үшін кәсіпкер Қурбаналиева Фарида Бахтияровнаға қатысты акт толтырылды. 

АПБ және Қарабұлақ ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерге карантин режимін сақтау талаптарын жіті түсіндірді.

Сондай-ақ  Ахмаров көшесінде орналасқан «Зам-Зам» дәмханасында 40 адамға жоспарланған отбасылық іс-шара-туған күн  кешінің де алдын алды. Мұнда да кәсіпкер Мусаев  Зухриддинге акт толтырылып, шара қолдауға жолданды. Кәсіпкерге карантин режимін сақтау барысы түсіндірілді.

Айта кетсек,  Далабазар көшесінде ауыл тұрғыны Юлдашов Гафуржан «Бесік той» өткізбекші болған. Мобильді топ оны да тоқтатты, тиісті құжаттар рәсімделіп, шара қолдау үшін жолданды.

Тұрғындарға карантин режимін сақтау және олардың қауіпсіздігі үшін қолға алынған шаралардың маңыздылығы түсіндірілді.

Сайрамның ауыл шаруашылығынан серпін байқалады
Көпшілікке карантин талаптары түсіндірілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу