«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынды
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына саладағы еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жылда 2,5 есеге арттыру міндетін қойды. Осы орайда, Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алында. Нәтижесінде, 3 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 39 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.
Әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі саналатын Израиль мемлекетінің жалпы аумағы Түркістан облысының 6/1 бөлігін құрайды. Соған қарамастан, жылына 1 млрд. АҚШ долларының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Түркістан облысы климатының жайлылығы мен топырағының құнарлығын түсінген осы ел ғалымдары жылына бірнеше рет өнім жинау әдісіне аса қызығушылық танытуда. Жылына бірнеше рет өнім алу тәсілінің тиімділігін шетелдік ғалымдардың өзі мойындап отыр.
Осы әдіс арқылы 1 гектар жерден жылына 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға болады. Биыл да бұл істі әрі қарай дамыту мақсатында әр ауылдық округте кеміне 10 жобадан іске асыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде өңірде 600-ден астам шаруа қожалығы бірінші өнім егініне кіріскен.
Өңірде етек жайған жаңбырлатып, тамшылатып суғару технологиясын ендіру шығына төленетін субсия көлемін 400 мың теңге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Барлық тыңайтқыштар, гербицидтердің түрлерінің 50 пайызын субсидиялауды басталды. Бұған алғаш рет пестицидтер, инсектицидтер де қосылды.
Еліміздегі барлық агроқұрылымдардың 33 пайызы Түркістан облысының еншісінде. Олардың тең жартысынан астамы ұсақ және майда шаруа қожалықтары. Былтыр жылына 2-3 рет астық жиған диқандардың арқасында қазына 39 млрд. теңгеге толыққан.