Ет экспорттаудан республикада көш бастады

Oinet.kz 04-05-2020 769

Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылы 629,8 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 85,5 млрд. теңгеге артты. Негізгі капиталға 55,4 млрд.теңге жеке инвестициялар тартылып, 23,7 пайызға ұлғайды.

7f740982-038f-4045-ad84-f054db64fc49.jpg 

Өңірде 70 мыңға жуық шаруа және фермерлік қожалық жұмыс істейді. Республикадағы үлесі - 35 %. Ауыл шаруашылығы саласына 41,6 млрд. теңге қолдау қаржы қаралған, оның ішінде 28,3 млрд.теңге субсидия - 27,5 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 213,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Оның ішінде 1 млн. 200 мың тонна өсімдік шаруашылығы және 32,8 мың тонна мал шаруашылығы өнімдері бар. Сондай-ақ, 19 мың тонна ет экспортқа шығарылып, Түркістан облысы республикада көш бастады.

Сонымен қатар, былтыр облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 826,8 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 13,3 мың гектарға артқан. Ал тамшылатып суғару әдісі қосымша 7,8 мың гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 17,6 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, жылыжайлар 179 гектарға салынып, өңірдегі жалпы көлемі 1 114 гектарды құрады. 

Түркістанда биыл 15 жаңа нысан пайдалануға беріледі
Қазығұртта жылына 1100 тонна кеспе өндіретін зауыт жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу