Дәурен Айдарқұлов: «Арамызда махаббат болмады деп бірінші әйелімді ренжіткім келмейді»
Отандық танымал актер, жүргізуші Дәурен Айдарқұлов «Если честно» бағдарламасына берген сұхбатында екі әйеліне деген махаббатынын екі түрлі екенін атап өтті, деп жазады Oinet.kz порталы
«2010 жылдан бастап намаз оқи бастадым. 2011 жылы қажылыққа бардым. 2012 жылы атамды алып бардым, екі рет бардым. Әртүрлі ақпарат алып, 4 әйел алуға болатынын түсінесің. Мұны білесің. Біріншісі бәйбіше, екіншісі тоқал деп емес, екеуіне бірдей қарау керек деген нәрселерді. Олардың екеуінің де мәртебесі бір болып, бірдей уақыт бөлінуі қажет.
Тағы да үйленгенді жақсы көретін жандар мұндайды ескере бермейді. 3-4 әйел алуға болады дегенді білсе болды. Қазір бар болғаны әйелім Ақботаны жақсы көремін деп айтқым келеді. Мен махаббаттың не екенін түсіндім десем де болады. Мұндай сезім менде болған емес. Арамызда махаббат болмады деп бірінші әйелімді де ренжіткім келмейді», - деді Дәурен Айдарқұлов.