Жириновскийдің мәлімдемесін қолға попкорн алып тыңдау керек - АБАЕВ
Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақстандық ұлтшылдарды ауған террористік «Талибан»* салыстырған ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Oinet.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Біз Жириновскийдің Қазақстан туралы жария мәлімдемесіне мән беруді баяғыдан тоқтатуымыз керек. Тек шоу, саясат жоқ. Әрине, сайлау алдында сайлаушылардан ұпай жинауға тырысады. Оны қарындашпен емес, қолға попкорн алып тыңдау керек. Тіл мәселесіндегі және этносаралық қатынастар мәселесіндегі саясатқа келетін болсақ, президент кеше осы тақырыпта барлық сұрақтарға нүктелерді қойды, – деп түйіндеді қазақстандық саясаткер.