Әбдіжаппар не үшін отбасын көрсетпейтінін айтты
Даудың астында жүретін Әбдіжаппар Әлқожа, отбасын көрсеткісі келмейтіндігін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz порталы жұлдыздар отбасына сілтеме жасап.
Айнұр Есенғалимен болған сұхбатында, келіншегінің қарапайым, өнерге қатысы жоқ екендігін айтып өтті. .
«Әркімнің өзіне берілген қабәлеті болады. Егер, әйел адамның өнерге қатысы жоқ болса, үйінде кірін жуып, тамағынг істесін. Ер адам әнші болса, түзде жүрсін. Әркімнің өз міндеті бар. Мен әнші емес адамды жаныма шығарып: - Мынау, менің әйелім, осынша балам бар, - деген жоқпын. Сондықтан отбасымды таныстырғым келмейді. Ел менің өнерімді бағаласын. Ал жеке өмірім жариялайтын дүние емес», - деді Әбдіжаппар.