Дана Кентай: «Тұрмысқа шыққым келмейді»
Отандық белгілі әнші Дана Кентай тілшілерге берген сұхбатында махаббат хикаясымен бөлісті, деп жазды Oinet.kz.
Көпшіліктен жас шамасын жасыратын әнші, өзінің тұрмысқа шыққысы келмейтіндігін айтты.
Тілшілердің: - Бақытсыз махаббатты жырлайтын лирикалық әндеріңіз көп, бұның себебі жауапсыз сезімді басыңыздан кешіргеніңізде емес бе? - деген сауалына Дана былай жауап берді:
«Үлкен сахнаға шығардан алдын басымнан баянсыз махаббат хикаясы өтті. Бұл бірсәттік сезім емес еді. Сезіміміз жарасыты. Ол кісі отау құрғысы келді. Ал, менің енді ғана продюсермен ісім жүре бастаған сәт болатын. Үйленуге асықпайық, екеумізде жаспыз,- дедім. Ал, ол кісі менің өнеріме, жұмыс істеуіме қарсы болды. Мен алты жастан бастап сахнаны армандадым. Өмір бойы ән айтпасам, бақытты болмайтынымды білдім. Өзім бақытты бола алмасам, өзгені қалай бақытты етемін. Онымен ажырағынам қатты қиналдым. Қаншама жыл бойы оны ұмытуға тырыстым. Біраз мұңды әндерім осы кісіге арналады. Ол менің музама айналып кеткендей болды. Ол өзгемеен шаңырақ көтерді. Бұдан кейін тұрмысқа шыққым келмейді», - деп тұрмысқа шыққысы келмейтіндігін айтты.