«Ар-намысына тиген»: Шәріп Серік ЖИ арқылы жасалған видео авторына шағым түсірген іс аяқталды

Oinet.kz 17-06-2025 242

Актер Шәріп Серіктің Қуандық Бишімбаевпен бірге отырған сатиралық видеосына қатысты іс қозғалған жоқ, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Бұрынғы сүйіктісіне қол көтеріп, басы дауға қалған актер Шәріп Серік жасанды интеллект арқылы өзін Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасағандардың үстінен арыз жазған еді.

Полицейлер видеоның авторы, контентмейкер Арман Тұрлыбековтің жұмысын тексерді. Ол мұны Шәріп Серіктің бұрынғы ғашығы зорлық-зомбылық туралы хабарлаған соң жасаған. Видеоның астына ол "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" деп жазды.

Шәріп Серіктің айтуынша, жасанды интеллект арқылы жасалған видео оның ар-намысына тиді. Актер өзін Бишімбаевпен салыстыру орынсыз деп санайтынын және оның "екінші Бишімбаев бола алмайтынын" атап өтті, өйткені "бұл – оның өмірі, тағдыры және қатесі".

Полиция видеода жеке өмірге қол сұғушылық немесе басқа құқықбұзушылықты анықтаған жоқ. Өтініш "қылмыс белгілерінің болмауына байланысты" қараусыз қалды.

«32 мың теңге тұратын виски»: Мерейтойға мас күйінде барған Төреғали Төреәлі тағы да ұятқа қалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу