«Бәрі басынан-ақ дұрыс болмаған»: Земфираның Алматыдағы концерті өтпейтін болды

Oinet.kz 18-06-2025 109

Земфира Instagram парақшасында хабарлама жариялап, көптен күткен Алматыдағы концерттің болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Земфира бұл жаңалықты Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Сәлеметсіздер ме. Жаман жаңалығым бар, Алматыдағы концерт болмайды", – деп жазды ол.

Бастапқыда концерт 6 шілдеде Қонаев қаласында өтуі тиіс болған, кейін ол Алматыға ауыстырылған. Әншінің айтуынша, бәрі басынан-ақ дұрыс болмаған: ұзаққа созылған келісімдер, орын ауыстыру, соңында "Хан-Тәңірі" стадионында концерт өткізуге ресми түрде рұқсат берілмеген.

"Концертке екі апта қалғанда. Мен үшін афиша маңызды нәрсе, сондықтан осы жағдайды түсіне алмай тұрмын..." – деді Земфира.

Әнші Алматыдағы шілдедегі концерттің өтпейтініне өкініш білдірді.

"Қазақстан, барынша тырыстым. Соңғы кездесудің ыңғайсыз сәтін жұмсартуға, әдемі қоштасуға тырыстым. Қалай болғанда да, қазақ көрермені керемет. Ал сіздерге бұрынғы концерттер мен естеліктер үшін ризамын", – деп қосты ол.

Концертке қатысты пікірді билет сату қызметі де білдірді.

"Өкінішке қарай, бізден, әртістен және ұйымдастырушылардан тыс себептерге байланысты Земфираның Алматыдағы концерті өтпейтін болды. Концертке сатып алынған билеттерді 2025 жылдың 4 шілдесінде Ереванда өтетін концертке ауыстыруға болады. Егер сіз билетіңізді айырбастағыңыз келсе, 27 маусымға дейін tickets@honeycomb-live.com поштасына тапсырыс нөміріңізді көрсете отырып өтініш жіберіңіз. Билетті айырбастауға өтініш жасамасаңыз, қаражат билет сатып алған төлем тәсілі арқылы 14 күнде қайтарылады", – деп хабарлады сервис.

«Ар-намысына тиген»: Шәріп Серік ЖИ арқылы жасалған видео авторына шағым түсірген іс аяқталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу