«Әкем мені көп ұрды»: «Қалаулым» жобасының қатысушысы Сабина Мовлаева балалық шағынан сыр шертті

Oinet.kz 18-10-2024 809

“Қалаулым” бағдарламасы арқылы көпшілікке танылған Сабина Мовлаева бала күнін есіне алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_23.jpg

Өнер иесі бала күнінде өте көп үлкен адамдардан таяқ жегенін Taboo подкастында айтып берді. 

“Менің әкем өте сұлу жігіт болды. Туған-туыстан бастап, көршілерге дейін әкемнің келбетіне қызығатын. Мен 10 жасқа толғанда екеуі ажырасып кетті. Әкем мені өте көп ұратын. Оның түсінігінде қыз баланы ұрып тәрбиелеу керек екен. Кішкентай кезімде үйде дүкен болатын. Сатып алушылар балмұздақ алса, маған да біреуін ұстатып кететін. Мен баламын ғой, қатты қуанып күлсем, әкем қолындағы затын жіберіп қалатын. Анам көріп тұрып аяйтын. Қазір екі інім “неге біз сол кезде әкемізге қой демедік” деп өкінеді. Бауырларыма әкемнің қолының ұшы да тиген емес. Ақыры анам бөлек тұруға шешім қабылдады. Әкем мені ұра бергесін, анам да шаршап кетті. “Бұл қыз ертең мынадай соққыдан құтылу үшін ертерек тұрмысқа шығып кетеді” деп айтты. Содан екеуі бөлек кетті. Әкемді ешқашанда жамандаған емеспін”, – деді блогер ару. 

Желі жұлдызының сөзінше, танымал болуды бала күнінде мақсат еткен көрінеді. 

“Олар ажырасқанда дүниені түгел әкем алып қалды. Анам ол үйден үш баласымен ғана кетті. Тіпті, туысқандар теріс айналып, жиын-тойларға анамды қоспайтын. “Олардың түгі жоқ, дымсыз қалды” деген әңгімені де естідік. Дәл қазіргі танымал болуымның себебі – анамды көтеру болды. Еңсесінің түспегенін қаладым. Сол арманыма жеттім. Ақтөбеде жеке мейрамханамыз жұмыс істейді. Сол жерге “Сабинаның анасы” деп мамамды іздеп келетіндер де бар екен. Анам да сәл жетістікке жетіп, ісі оңға басса, “Сенің арқаң” деп маған алғыс айтып отырады”, – деді желі жұлдызы. 

«Қан түкіріп жатырмын»: Марқұм Айдос Тоқтарбайдың соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)
«Сахнаға қоймен шығарса, маңырап тұра беретіндей»: Ақбота Керімбекова Мұрат Әбділдәні сынады (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу