«Қан түкіріп жатырмын»: Марқұм Айдос Тоқтарбайдың соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)

Oinet.kz 16-10-2024 192

«Буынсыз адам» деп танылған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай көз жұмды. Бұл туралы досы Бейбіт Сарыбай желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_8.jpg

Жазушының жазуынша, өнер иесінің өліміне қорқынышты трюк себеп болған. Ол оның соңғы сәттерінде түсірген видеосын жариялады.

«Тамақты көрдіңіздер ме? Кеше тойда қылыштың ұшымен кесіп алдым. Қан түкіріп жатырмын, кәдімгідей. Температурам көтеріліп тұр», – деп айтқан марқұм соңғы бейнежазбасында.

Жазушы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

@kznews.kz Жазушы Бейбіт Сарыбай “буынсыз адам” деп танылған цирк әртісі Айдос Тоқтарбайдың неден көз жұмғанын айтты. “Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – деді жазушы.#жаңалықтар #новости ♬ оригинальный звук - Соңғы жаңалықтар
«Менің арым таза»: Индира Елемес Арман Дүйсеновтің ұлына қатысты алғаш рет пікір білдірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу