«Менің арым таза»: Индира Елемес Арман Дүйсеновтің ұлына қатысты алғаш рет пікір білдірді

Oinet.kz 16-10-2024 1179

Әнші, Индира Елемес белгілі композитор, Арман Дүйсеновтің жертөледегі студияда жан тапсырғаны туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында жария еткен болатын. Артынша, осы әрекеті үшін қоғамның талқысына қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

Жақында қаза тапқан сазгердің үлкен ұлы Абылай Арманұлы марқұм әкесі жайлы көрсетілген бағдарламаның шығуына қарсы болған.

Индира Елемес elitar.kz ақпараттық порталына сұхбат беріп, өзінің ол бағдарламаға ұялғанынан барғанын айтты.

«Мен негізінде, бір Алла куә, барғым келген жоқ ол жерге. Менің студиямда үш сағаттай күтті. Мен бара алмайтынымды айттым. Бірақ үш сағат күтті… Сонымен, қайтадан енді ұят болды. «Әруағын сыйласаңыз келесіз» дегенге келтірді. Сонымен бардым. Барсам, шынымен де, өзім ғана болдым. Енді «ұят» деген нәрсе бар ғой. Ұялғаннан кейін бардым. Барғанда да, ақиқатын айттым. Мен, не жамандық айттым ол жақта? Ешқандай жаман нәрсе айтқан жоқпын. Отбасын жақсы көреді. Ол – өтірік емес. Ол – рас. Білмеймін, түсінбеймін. Бір Алла өзі реттеп қояды. Мен оған сенемін. Ештеңені де, көңіліме алмаймын. Себебі, мен білемін. Арым таза!»,- дейді Елемес.

Индира Елемес әлеуметтік желідегі сын мен айыптаулардан жүрегінің қатты жараланғанын айтты. Тіпті, бірнеше күн бойы күйзелісте болған.

«Енді басыма тиіп жатыр. Ешкімге қатты жаным ашып, тіпті бір жақсылық жасап тастауға болмайды екен… Осы уақыт, осы жасқа дейін ешкімге кедергімді тигізген жоқпын. Керісінше жақсылығымды жасамасам, жамандық жасап көрмегем. Ол жағдайды мен жібердім. Өйткені мен білемін. Жүз пайыз. Менің арым таза. Шынымен, Алла тағала өзі реттейді. Оның себебі неде екенін. 50/50 болып жатыр. Бірақ осы жақын арада себебі нақты айтылады. Айтылған кезде, сол жазған көптеген пікірлерге, білмеймін адамдар, сондай зұлым адамдар, қалай сондай нәрсе жазады. Үш-төрт күн үйде жатып қалдым. Бірақ, сосын мен не үшін былай жатуым керек дедім. Не істеп қойдым деген секілді. Алдағы уақытта тек қана…»,-дейді әнші.

«Өз ыңғайына пайдаланып жатқан жоқ па?»: Ләйлә Сұлтанқызы Талғардағы оқиғаға байланысты жазба жариял
«Қан түкіріп жатырмын»: Марқұм Айдос Тоқтарбайдың соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу