«Сахнаға қоймен шығарса, маңырап тұра беретіндей»: Ақбота Керімбекова Мұрат Әбділдәні сынады (ВИДЕО)

Oinet.kz 21-10-2024 461

Танымал әнші Ақбота Керімбекова үлкен мәдени орында ән салған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әділданы сынады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

Өнер иесі Республика күніне орай өткен концертте Мұрат Әбілданың ән айтуы сорақылыққа жатады деп есептейді. 

“Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Мұрат Әбілда деген адамның Республика сарайында ән салып тұрған видеосы тарады. Ойлаңызшы, Республика сарайында. Еліміздің тарихи-мәдени маңызды нысанында! Қазақтың мыңдаған таланты сол сахнаға шығуды армандаған, мыңдаған дарынды қазақ сол сахнаға шыға алмай, арманда кетті. Ол жігіт елдің азы мен тозы емес шығар, оның адами кескін-келбетіне тілімді тигізе алмаймын. Бір жағынан қарағанда оның Республика сарайында ән салғаны қылмыс та емес шығар. Менің айтарым басқа”, – деп бастады әңгімесін әнші.

Әншінің сөзінше, желі арқылы танылған блогер-әншінің мәдени орында төбе көрсетуі әбестік көрінеген.

“Республика сарайының сахнасы Роза Бағланова секілді аңыз адамның маңдай терімен салынған. Ол сахнаға шығу үшін бізден мың есе лайық әрі таланттырақ адамдар тағдырын арнады ғой, біздің өзіміз музыка мектебінде оқып, өнер академиясында кәсіби дағдымызды қалыптастырып, 30 жылға жуық тынымсыз еңбек етіп келе жатсақ та, тіземіз дірілдеп, зорға шығамыз. Енді сол ұлттық мінберге шыққысы келгеннің бәрі шыға бере ме?! Осы шенеуніктер өздеріне келгенде құқық талап еткіш, ар сақтағыш, дәл солай неге мемлекеттің бас сахнасын сақтамайды?! Әріптестеріміз де үнсіз отыр. Сахнаға қоймен шығарса, маңырап тұра беретіндей. Арланбайды. Мәдениет саласының ары да, намысы да – сахна. Сахнаға шығарған адамына, сахнада көрсеткен дүниесіне қарап саланың деңгейін көруге болады”, – деп ренжіді өнер иесі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акбота Керимбекова (@botakerim)

«Әкем мені көп ұрды»: «Қалаулым» жобасының қатысушысы Сабина Мовлаева балалық шағынан сыр шертті
«Үппен келген, сүппен кетеді»: Керімбекова Мұрат Әбділдаға қатысты жазбасы мақсатына жеткенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу