Мақпал Исабекованың күйеуі перзентханадан шығару сәтіне гүлсіз келген
Перзентханадан баланы шығарып алу рәсімін соңғы кездері, қатты думандатып жіберді. Әсіресе өнер адамдары. Тек Мақпал Исабекова тұңғышын босанғанына қарамастан, үн-түнсіз үйіне оралған. Күйеуі тіпті гүл де алмаған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Көпшіліктің назарына шыққанды ұнатпайтын Мақпалдың жолдасы бұл күні тіпті, гүл алып әуреленбеген. Бұл туралы әнші:
"Біз үйдеміз, Альхамдулиллах. Салтанатты шарасыз, гүлсіз, шарсыз, естелікке қалатын суретсіз. Жай ғана үшеуміз үйге келдік. Өзіміз солай қаладық. Достарымыз бізді түсінеді деп үміттенемін", - деп пікір білдірді.