"5 уақыт намаз оқып жүр": Ерке Есмаханның ұлы намазға жығылды
Отандық әнші Ерке Есмаханның ұлы өзінің айтуынша құранға түсті. 10 жасар Мүсілімді анасы медрсеге берген. Қазіргі таңда 5 уақыт намаз оқып жүр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Менің таеквондист, футболист ұлым енді медреседе оқып жүргенін білесіз ғой?! Дәрет, намаз, сүрелерді жаттап алды. 5 уақыт намаз оқып жүр. Енді Құранға түсті. Ақылды балам менің", - деп қуанышын көпшілікке жеткізді Есмахан.
Айта кетейік, Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан Есмахан көп жылдар бойы Ақтөбе облысының бас имамы болды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның бас мүфтиінің орынбасарларының бірі (наиб-мүфти).