"Барлық мәселе ода емес, менде еді. Ол мені сүйді": Баян 6 жылдан кейін экс-күйеуін көрді

Oinet.kz 23-06-2022 6916

Баян Алагөзова алты жылдан кейін түрме құрсауында отқан экс-күйеуімен кездесті.  Бұл туралы продюсер Harpers Bazaar басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_12.jpg

Есентаев 2016 жылы оған пышақ жарақатын салғаннан кейін, 9 жылға сотталған еді. 

"Алты жыл бойы мен онымен байланысқан жоқпын. Өткен аптада өз қалауыммен екеуміз сөйлестік. Мен оны, оның ұстанымын естігім келді. Өйткені, қайталай бергім келмейді, ол менің балаларымның әкесі. Өзіне де: "Сен менің балаларымның әкесі болып қала бересің, ол үшін саған алғысым шексіз", - деп айттым. Оның миына кіріп шығатын мүмкіндігім болмады. Ешкім ешқашан біреудің басына кіре алмайды, бірақ мен солай жасағым келді", - деді ол.

Мақсатқызы кездесудің қалай өткенін әңгімеледі. 

"Алты жылда көп су ағып кетті. Қазір екеумізді қыздарымыз бен немеремізден басқа ештеңе байланыстырмайды. Эмоционалды салқындық сезілді, әрине. Бірақ ол өзін жақсы ұстады, мен де", - деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.

"Артымнан біреудің аңдып жүргені қалыпты нәрсе емес": Әнуар Нұрпейісов
Нұрболат Абдуллин бір аруға жүзік сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу