"Артымнан біреудің аңдып жүргені қалыпты нәрсе емес": Әнуар Нұрпейісов

Oinet.kz 23-06-2022 1194

Белгілі актер, шоумен Әнуар Нұрпейісов соңғы жылдары елде болып жатқан саяси өзгерістерге өз пікірін ашық айтып, қоғам белсендісі болып жүргені мәлім. 2019 жылғы президент сайлауы кезінде ол мүлдем жоғалып кетті. Актер Шри-Ланка аралында өмір сүргенін айтты. Ол "Қазақстанда саяси репрессияға ұшырадым" деп ойлағанын мәлімдеді. Бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып өтті деп хабарлайы Oinet.kz тілшісі.

 Screenshot_1.jpg

"Адамдар менің пікір білдіруімді талап ете бастады. Неге менің үндеуге құқығым жоқ? Маған "аузыңды жап" деп ашық ескертілді.

Кейін маған: "Өлгендер арасынан жеңімпазды көрмедім", - деген тіркес ұнады. Адамдардың реакциясын көргенде түсіндім. Кім үшін, не үшін біреуге бірдеңе дәлелдемексің деп ойладым.

Ерте ме, кеш пе, бұл қозғалысың адамдардың білімсіздігімен, мисыздығымен тоғысады. Мен не естімедім? Мұны боттар жазып отыр ма деп те ойлайсың. Қандай да бір бөлігі шынайы адамдар да шығар, бірақ сол сөздерге халық ереді", - дейді Нұрпейісов.

Актердің айтуынша, кей адамдар оны "жоғары жақтан біреу сатып алған" деп ойлайды. 

"Бұл ең өкініштісі. Сатып алса да мейлі ғой", - деп күлді ол. 

Нұрпейісов бір кездері Украинаға көшкісі келгенін ашық айтты. 

"Зеленскийдің жеңіске жеткен алғашқы жылы. Ол бір сөзінде: "Қандай да бір саяси репрессияға ұшыраған ТМД елдерінің құрбандары бізге көшсе болады, құшақ жая қарсы аламыз" , - деді. Мен өзімді сол репрессияға ұшырағандардың қатарына жатқыздым. Себебі екі дереккөз менің соңыма адам түскенін жеткізді. Артымнан біреудің аңдып жүргені қалыпты нәрсе емес деп ойлаймын",-  деді Нұрпейісов.

Актер қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстанда оң өзгерістер болып жатқанын атап өтті. "Бәрі бірден өзгеріп кетпесе де, көш түзеліп келеді" деген пікірін алға тартты. 

"Бәрі бірден болмайды. Бірақ кей өзгерістерге біздің халықтың бір бөлігі дайын емес. Біз бос қиялмен өмір сүреміз. Күндердің күнінде бір мейірімді ағай келіп, бір тұтқаны басып, бәрі өзгеріп кетеді деп ойлаймыз. 

Ондай ештеңе жоқ. Адам ағзасы да бірден өзгере салмайды. Сен қандай да бір әдеттеріңді өзгертесің, уақыт өте келе басқа адам болып шығасың. Сол сияқты. Бірақ қалпақты аспанға лақтыруға әлі ерте деп ойлаймын. 

Өйткені біз эйфорияға беріліп, "кереметпіз" деп босаңсып қалуымыз мүмкін. Сосын бұрынғы қателіктерді қайтадан қайталайсың", - деді актер. 

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сиырды қалай сауу керектігін көрсетті (видео)
"Барлық мәселе ода емес, менде еді. Ол мені сүйді": Баян 6 жылдан кейін экс-күйеуін көрді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу