Нұрболхан Шарапов Стамбул роддомына таңданысын білдірді (видео)
Жақында ғана жұбайы егіз босанған әзілкеш Нұрболхан Шарапов Стамбулдағы перзентханадағы жағдайға таңданысын білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Мынау роддом ба? Елдегi жазғыштар уже бал ашып не үшiн келгенiмiздi жазып қойыпты. Сәл шыдаңдаршы дедiм ғой. Мында туу үшiн келген жоқпыз. Демалысқа келгенбiз. Дәрiгердiң айтуынша, егiз болғаннан кейiн толғақ ерте ұстап қалуы да мүмкiн. Солай болды дедi. Адамның емес, Аллаһтың дегенi болады ғой. Аллаһ қалады, Стамбулда туылды қыздарым.
Сосын, комментке жазғыштар, ештеңенi бiлмей боқтанып, қарғанып жаза бермеңдершi. Хотя, сауабы бiзге, күнәсi сiзге екенiн бiлем. Сауап керек бәрiмiзге. Бiрақ, ескертiп жатқаным ғой. Шлии, күнәһар боп кетпейiкшi деп. Өмiр тамаша ғой сүре бiлген адамға. Сен жазғаннан менiң бiр жерiм қыңқ етпейдi. Бiреудiң баласы дүниеге келсе де боқтанып, қарғанып отыратын бопсыздар ғой. Няғып шлии ондай боп кеттiңiздер? Менiң оқырмандарым емес, басқа жаңалық жазған пабликтердiң оқырмандарын айтам да. Сол жаңалықты шығарған посттардың астын оқып шыққаннан кейiн жазғаным ғой. Сiздерге де жұғысты болсын осындай бақыт. Пабликтер, сендер де таза өсекшiлер құсап қосып жазатындарың не? "Ендi белгiлi болды не үшiн Стамбулға барғандары" деп.
Айтайын дегенiм, мынау роддом палаталары. Ресторанда туғандай болды ғой бiздiң хатун. Шатасып кеткен шығар, басқа бiреудiң тамағын бiзге әкелiп қойды десек, үстел үстiндегi қағазға хатунның атын жазып қойыпты.
@satjan_toktarbay бауырыма рахмет! Ештеңе уайымдамаңдар! Бәрiн Аллаһтың қалауымен, өзiм тындырып беремiн дедi. Бiз просто демалып жүрмiз. Ендi Стамбулға келсек туып қалса не болады, ауырып қалса не болады деп мүлдем уайымдамай келетiн болдық қой. Аллаһ разы болсын, Сатжан! Мықты профессорлардың бәрiмен таныстырып, Check-upтан өтiп алдық ещё. Құдай бiздi Аланьядан Стамбулға айдап келген екен ғой. Сатжан бар ол жақта, сонда барып туыңдар деп - деп жазды Нұрболхан Шарапов.