Мөлдір Әуелбекова екінші некесі сәтсіз аяқталғанын хабарлады (фото)

Oinet.kz 10-11-2021 5522

Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Әнші күйеуімен ажырасып кеткенін мойындады.image.png

Мөлдір Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. Әнші «Тұрмыстасыз ба?» деген сауалға: «Жоқ» деп жауап берді. Екінші некесі де сәтсіз аяқталған әнші жолдасын кешіргенін мәлім етті.

Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты. «Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ... Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек.

Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді! Өміріңіздің әрбір сәті тек Алланың қалауы! Шүкір, тәубе етіңіз! Алла жар болсын»,  – деп жазба қалдырды ол. Мөлдір болашақта әншілікті біржола тастайтынын хабарлады.

image.png

Отандық стилист Димашты қатаң сынға алды (видео)
Меруерт Түсіпбаеваның сүйіктісін тапқаны рас па!? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу