«Бізді мәңгіге кетіп барады деп жылады» - Димаштың анасы

Oinet.kz 30-09-2021 6346

Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева ұлы туралы жалған ақпарат тарататын кей адамдарға ренішін жеткізді. Бұл туралы ол "Экспресс К" басылымына берген сұхбаты барысында айтты.

image.png

- Адамдардың өтірік айту қабілетіне таңғаламын. Біреулер оны хайп үшін жасайды. Ол ешқайда да көшпейді. Қазақстанда қалады. Әдеттегідей гастрольдік сапарға шығып, елдерді аралайды. Ресейге, АҚШ-қа қалай барып келсе, Қытайға да солай. Жақында Отанына қайта оралады - деп жазды Димаштың анасы 

Айтбаева Димаш Америкаға аттанар кезде де оған қатысты жалған ақпарат таралғанын айтып өтті.  

- Америкада тұру немесе ол елдің азаматтығын алу Димаштың жоспарында жоқ. Гастрольге барады, арасында білім алады. Оның барлығы тек жұмыс бабымен. Біз жолға аттанарда шығарып салуға адамдар келді. Бізді мәңгіге кетіп барады деп жылады. Өте ыңғайсыз жағдай болды - деп жазды Света Айтбаева.

«Не айтып, не қойып жатқанын кім білсін?» - Тамара Асар (фото)
Жұлдыз Абдукаримова: «Мен бақытсызбын» (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу