«Отбасылы ер адамға ғашық болып» - Жазира Байырбекова (фото)

Oinet.kz 07-09-2021 4922

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылы еркектерге көз салатын жас қыздарды сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Жазира Байырбекова.jpg

- Дайректке бір отбасылы ер адамға ғашық болып жүрген бір қыздан хат келіпті. Бірақ, ойымды барша жас қыздарға айтқым келді. Кей қыздар сезімге берілсе, кей қыздар материалдық жағдайын жасау үшін біреудің отбасын бұзып, бала-шағасын тірі жетім етіп жүр. Біреуге жасаған қиянат өзіне, не ұл-қыздарына қайтып келетінін бәріміз білеміз ия?! Баршамыздың ұл-қыздарымызды Алла тағалам түзу жолдан тайдырмаса екен. Ешкімге қиянат жасамайтын жолмен бақытты болса екен деп Алладан тілеймін! - деп жазды әнші. 

Әншінің бұл пікіріне желі қолданушылары түрліше пікір қалдыруда.

- "Ұлым өсіп ұялтпасын, қызым өсіп қызартпасын. Алла тағаламнан қазағыма саналы, тәрбиелі иманды ұрпақ тілеймін", "Жолдасыңа ғашық па Құдай сақтасын тәрбиесіз екен", "Жас қыздар дейсіз, өзінің күйеуі бар әйелдер де жүреді .Сондайлардан көресінді көрдік. Күйеуі жұмыстағы кезде басқа біреудің байымен жүріп, соларға Алла жазасын берсін", "Көршімнің баласы 2000 жылғы, үйленген. 1 қызы бар. Жас қызбен шатысып жүр. Келін байғұс біліп койып айтса 2 катын алам деп түр оңбаған бала", "Біреудің тағдыры , жарнамалағаның дұрыс емес, жақсы көру , қателік болса Біржан салға ғашық болған сұлу мәңгілікке , ел есінде емеспе? Иттің итақайы тоқал алып жатқанда , менің Біржаным неге алмасқа , деген сөз ше ? Айтуға оңай. Әншілердің?", "Ондай қыздарға сөз шығын отбасын ойрвн қылғандарды тек екі бөліп тастау керек", "Жазира әпке менің басымнан өткен мен күресіп жеңдім шүкір" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

«Атын айтып , түсін түстемейін» - Алтынай Жорабаева билікке үндеу жасады
Тоқтар мен Бейбіттің ерекше видеосы көпшілікті тәнті етті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу