Қарақат Әбілдинаның қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 06-09-2021 1620

Қарақат Әбілдинаның қыздарымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл сурет әншінің Instagram парақшасында жарияланды.

Қарақат қыздарымен.jpg

- Алдарыңызда екі көктем. Бір күз! Қош келдің, Күз! Айзөниге айтқан ақ тілекті түгел оқып шықтым. Әумин! Әумин! Кеше баламыздың жасына аман жеткеніне, 12 мүшесі сау, ақылы бүтін болғанына шүкір айтып, қой сойып, қан шығарып, құран оқыттық, Алла қабыл еткей. Инстаграм соңғы уақытта сый берем дегенді бірден өшіріп тастайды екен. Бірер күн бұрынғы постымды өшірді. Осы жаңағы постымды да өшіргелі жатыр. Ниетіп жап-жақсы болып еді ғой, амал қайсы, жарайды… Ал қараңызшы, сурет сізге қандай ой салады ?! Ойыңызды бүкпесіз терең тарқатыңыз. Мүмкін сыйлық сізге бұйырар. Аз да болса көптей көріңіз! - деп жазды әнші.

Әншінің қос қызына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіруде.

- "Екі көктем, бір күз, Біз әдемі жырмыз. Жарқыраған кунбіз. Көктен түскен нұрмыз. Еркелеткен халыққа, Шаттық сыйлап жүрміз. Ақ тілекті баршаға, Бізде тілеп тұрмыз. Біздей тәтті періште,Бұйырсын бар қазаққа. Қарақаттай аналар, Көбейсінші қазақта!", "Айзөниіңіз өзіңізден айнымай қалыпты", "Көктемің. Жүз рет. Күзіңнің жемісі Мол Өмірлерің Ұзақ болсын Айналайындар", "Адам ниетіне қарай барлық жақсылыққа ие болары сөзсіз. Қос қыз сыйлап, Алла Сізге береке берді. Лайықтысыз. Жайлылық аурасын сыйлаған бұл сурет бастысы бөбектердің саф таза бейнесін сипаттайды. Ананың шексіз махаббаты мен мейірімін төгіп тұрған ғажап сурет. Бастысы сүйкімді бөбектердің дені сау, бай-қуатты болсын!", "Сұлу әдемі ханшайымдар, сөз жоқ әлемнін кереметтері. Аллам әр қашан жолдарыңды ашық қылсын" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Қазақы нақышта киінген Жанар Айжанованың немересі көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Мәдина Сәдуақасованың ерсі видеосы көпшіліктің сынына ұшырады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу