Түркиядан оралған Қарақат Әбілдина қазақ халқының кемшілігін айтты (фото)

Oinet.kz 24-05-2021 5924

Былтырдан бері Түркиядан үй алып, сол жақта тұрып жатқан танымал отандық әнші Қарақат Әбілдина Қазақстанға оралды. Нұр-Сұлтан қаласына келіп орналасқан әнші қазақ халқының кемшілігі туралы ой қозғады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Әншінің дана Абайдың сөздерінен мысал келтіріп, қазақ халқының болмысын сипаттап берді. 

"Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағынының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?

Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады;

әрбір қайратсыз қорқақ - мақтаншақ келеді;

әрбір мақтаншақ - қорқақ, ақылсыз, надан келеді;

әрбір ақылсыз - надан, арсыз келеді;

Әрбір арсыз жалқаудан - сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.

Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма?

Абайдың 3 - қара сөзі. Есіме еріксіз түсті бүгін. Ашып қарадым. Осы тұсын түртіп алдым.

Ұлы Абай қарасөздерді 150 жыл бұрын жазды.

Бірақ әлі де актуалды !

Бұл - қуанатын жағдай ма әлде қайғыратын жағдай ма?! - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

«Нұрланның киносы жаман деген оларға тиімді» - Қоянбаев Нарымбетовке жауап берді (видео)
Жолбарыс Сейфуллин фонограммамен ән айтатындарға қарсы шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу